ИНФОРМАТИКАДАН БЕЙІНДІК КУРСТЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ

УДК 004.4

БҚМУ-дың 75 -жылдығына және физика-математика ғылымдарының докторы, академик А.Д. Таймановтың 90-жылдығына арналған «Тайманов оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. – Орал: БҚМУ., 2007жыл.-228б.

Сафуллин Е.Н.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ
«Информатика» кафедрасы

Қандай оқу орнында да (университет, мектеп) білім берудегі түпкі нәтиже оқушының жеке пәндер бойынша алған білім, білік дағдылары емес, оларды пайдалану арқылы қалыптастырып, дамытылатын өмірлік  дағдылар, біліктіліктер болып табылады. Сонда оқушыға берілетін білім мазмұны оған қызмет етеді және ол оның күнделікті өмірдегі әрқилы іс-әрекетінің өзегіне айналады. Осыған байланысты қазіргі оқу орындарындағы қойылатын негізгі мақсаттардың бірі - оқушыларды қазіргі халықаралық талаптар деңгейінде күнделікті өмірде информатиканы (яғни компьютерлік білімін) еркін пайдалана алуға үйрету.

Бұхаралық ақпарат құралдарының ресми деректеріне сүйенсек, еліміздің 5% халқы ғана компьютерлік сауаты бар екен. Ал, сауаты бар деп есептелетін қазіргі мектеп оқушылары компьютерді өз ісіне қалайша пайдалана алады? Көпшілік жағдайда оқушылар қағаз басу ісіне, музыка тыңдау мен кино-клип қарауға, одан қалғаны ойын ойнауға ғана жеткілікті деңгейде информатиканы меңгерген болып шығады. Әрине бұлардан басқа компьюрлік дизайн, видеоролик, т.б. пайдалы істерді жүргізетін пайдалы программаларды өз беттерімен игеретін оқушылар да бар. Ал, жоғары сыныптарда информатикадан бейіндік курстарды қалай ұйымдастырған жөн?

Негізінен компьютерлердің өзі нақты практикалық  маңызды математикалық есептерді шығару мен есептеулерді орындау үшін жасалынған болатын. Оған қоса, қазіргі мектеп білімінің дәрежесі ҰБТ мен олимпиадаларда ғана нақты көрінеді. ҰБТ-да міндетті пәндердің бірі – математика. Олимпиадада өзара байланысты информатика және математика пәндері бар. Сондықтан да, информатикадан бейіндік курстарды өткізуде мүмкіндігінше информатика мен математика пәндерін тығыз байланыстыруға күш салыну керек.

Математикадан тестке дайындық кезінде мектеп түлектеріне қиын соғатын тақырыптардың бірі – тригонометрия бөлімі. Тригонометрияны жақсы игеру үшін оқушыға базалық білімнің теориясын астрономиямен, практикасын компьютердің көмегімен көрнекті түрде қайталатқан тиімді.

Мысалы, мына кестені ұсынуға болады:

Тригонометрияда мынадай негізгі деп есептелетін бес бұрыштың мәндерін жаттау

 

(seminar.msd файлынан Ох осімен 00, 300, 450, 600, 900 бұрыш жасайтын түзулердің бірлік шеңберді қиып өтетін мәндерін трассировка арқылы немесе жуық күйінде көрсету)

 

Информатика пәнінен олимпиадаға қатысушы тиянақты математикалық білімге сүйенсе ғана жақсы нәтиже көрсете алады.

Мысал ретінде 2006-2007 оқу жылындағы қалалық олимпиаданың бір есебін көрсетуге болады:

2 кезең. Қалалық олимпиада

F Есебі Теңдеу

Енгізу  файлының аты:           equation.in

Шығару файлының аты:         equation.out

Уақыт шектеу:                         2 секунд

Жадыға шектеу:                    64 мегабайт

 

ХN+Y M =A теңдеуінің теріс емес бүтін  сандар жиынындағы шешімдерінің санын анықтау керек. Бұл жерде N, M, A – берілген бүтін  емес сандар.

Мәліметтерді енгізу форматы

Кіріс файлдың бірінші жолында аралары пробелмен бөлінген 3 бүтін теріс емес сандар жазылған: N, M, A(1<=N, M<=100, 1<=A<=2*109).

 

Мәліметтерді шығару форматы

Шығыс файлдың бірінші жолында бір бүтін сан болу керек: теңдеудің теріс емес бүтін сандар жиынындағы шешімдерінің саны.

Мысалға коментарий

Х2+Y2=50 теңдеуінің 3 шешімі бар: (1, 7), (5, 5), (7, 1).

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту