Жеке шежіре




БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ СМАРТТЕХНИКА

Сафуллин Елдос Набиоллаұлы
Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі директордың орынбасары
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы
Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Білім беру саласы қазіргі күндегі дамыған және дамушы мемлекеттердің идеялогиялық жағынан  аса маңызды мән беретін тақырыбына айналды. Білім сапасының мемлекеттің болашағына жол ашатын, тұрақтылығына негіз болатындай қуатты күші бар екенін барша сауатты адамдар жақсы біледі. Әр аға буынның жинаған білімі мен тәжірибесін келесі буынға жеткізу жолдарын іздеген әдіс-тәсілдері оқу мен оқытудың сан түрлі жолдары мен құралдарын дамыта түсті.

 
МҰҒАЛІМ ОЙЛАРЫ

Құрметті оқырман!

Білім саласында болатын мәселелердің салдары тұтас қоғамға әсер етеді. Білімді таратушы мұғалімдеріміз – абзал ұстаздарымыздың мәртебесі өз дәрежесіне сай көтерілуі түбегейлі шешіле қойған жоқ. Оған басты себеп – мұғалім атқаратын жұмыстың мөлшері мен нақты адамның физикалық мүмкіншілігін анық есептеп, заңдастыратын элементарлы қағидалардың орындалмауында  жатыр. Осыған байланысты Сізге ұсынылған «Мұғалім ойлары» мақаласымен танысып, өз пікірлеріңізді білдіруіңізді сұраймын. Сіздің пікіріңіз біз үшін аса маңызды. Алдын-ала рахмет!


Мұғалім ойлары

Сафуллин Елдос Набиоллаұлы
Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі 
директордың орынбасары

ХХІ ғасырдың екінші онжылдығының ортасына келдік. Біздің еліміздегі білім беру жүйесі қандай күйде? Бұл сұраққа «жақсы деңгейде» деп жауап беруге болады. Мемлекетіміз халқының білім алуына барынша жақсы жағдай жасауда. Қазіргі халқымыздың күнкөрісі негізінен мемлекет беретін ақшаға қатты тәуелді. 1-2 ай тиісті еңбекақысын, зейнетақысын ала алмаса, қарапайым халықтың тіршілігі қандай күйге түседі? Ойлаудың өзі қорқынышты. Ал, мемлекетіміз ақшаны қайдан алады? Негізінен мұнай, газ тәрізді шикізаттарымызды шетелге сату арқылы. Шикізат қорымыз таусылған кезеңде халқымыз сауатты, білімді, тәрбиелі болса, тіршілік етудің, мемлекеттілігімізді сақтаудың бір амалын табар деген үміт бар. Сондықтан болар, қазіргі күнде мемлекетіміз білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлуде.

 
БОЛАШАҚТЫҢ МЕКТЕБІ: ол қандай болмақ?

2013 жылдың 24 сәуір күні Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында «Е-learning және Smart-learning үдерістерін енгізу жағдайларында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру» атты халықаралық оn-lіnе семинар өтті.

 
МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ БІЛІМІ МЕН БІЛІКТІЛІГІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Сафуллин Елдос Набиоллиевич
БҚО ПҚБАИ ОӘЖ директордың орынбасары

Математика пәні мектепте 11 жыл бойы үздіксіз оқытылатын бірден-бір ерекше пән. Сәйкесінше баяндалатын білім мөлшері басқа пәндердің кез-келгеніне қарағанда ауқымды. Материал көлемі көп болғандықтан оны меңгеру ауыр. Ұзақ оқытылған білім мазмұны оқушыны жалықтырады. Түрлі сыныптарда жаңадан қосылған пәндерге бала зейіні тез ауып шыға келеді. Осыдан келіп, «мен математикадан нашармын, биологияға жақсымын» немесе «физикпін», «химикпін», «әдебиетшімін», т.б. деген қасаң пікірлер оқушылар миына қоршаған ортасындағы үлкендер арқылы біртіндеп сіңе бастайды. Шын мәнісінде қоғамда белгілі орны бар, талантты, дарынды қайраткерлер, ақындар мен жазушылар, іскер мамандардың басым бөлігі бала күнінде математиканы жақсы оқып, ой ұшқырлығын дәлелдеген тұлғалар болып келеді.

 
КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ КӨМЕГІМЕН МАТЕМАТИКА ЕСЕПТЕРІН ШЕШУ

ӘОЖ 51:002.6

Хабаршы (Вестник) ғылыми журнал – Орал, М. Өтемісов атындағы БҚМУ, №1 (41) – 2011, 141-146 б

Сафуллин Е.Н.

М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ, «Жалпы педагогика және информатика» кафедрасы оқытушысы  

Білім берудің түрлі саласында математикалық модельдің алатын орны ерекше. Физика, химия, биология, география, экология, психология пәндерінің бәрінде де тереңдеп енген сайын математикамен қабысатын тақырыптары кездеседі. Дәлірек айтқанда, математикалық модельдеу құралына жүгінетін бөлімдері бар. Қоғамымызда технологияның дамуына байланысты осы математикалық модельдеу құралы компьютерлік модельдеуге орын босатуда.

 
МАТЕМАТИКА ЕСЕПТЕРІН КОМПЬЮТЕР КӨМЕГІМЕН ШЕШУ

Үздіксіз білім беру жүйесіндегі білім   сапасын   арттыру   мен   зәру   мэселелері   -Облыстык   ғылыми-практикалык конференция. Орал - 2006, 94-96 беттер

Сафуллин Е.Н.

М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ

Математикалық теория салыстырмалы түрде алғанда көп өзгермейді. Бірақ математикалық әдістерді пайдалану соңғы 10 жыл ішінің өзінде есептеулерді ойша және қағазда, калькуляторда шешуден бастап – компьютерде есептеуге көшті. Сондықтан да математика маманы өз пәнін жақсы игергенімен, компьютердегі математикалық әдістерді қолдана білмесе, қазіргі заманға сай жақсы деңгейдегі маман болып есептелмейді.

 
ИНФОРМАТИКАДАН БЕЙІНДІК КУРСТЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ

УДК 004.4

БҚМУ-дың 75 -жылдығына және физика-математика ғылымдарының докторы, академик А.Д. Таймановтың 90-жылдығына арналған «Тайманов оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. – Орал: БҚМУ., 2007жыл.-228б.

Сафуллин Е.Н.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ
«Информатика» кафедрасы

Қандай оқу орнында да (университет, мектеп) білім берудегі түпкі нәтиже оқушының жеке пәндер бойынша алған білім, білік дағдылары емес, оларды пайдалану арқылы қалыптастырып, дамытылатын өмірлік  дағдылар, біліктіліктер болып табылады. Сонда оқушыға берілетін білім мазмұны оған қызмет етеді және ол оның күнделікті өмірдегі әрқилы іс-әрекетінің өзегіне айналады. Осыған байланысты қазіргі оқу орындарындағы қойылатын негізгі мақсаттардың бірі - оқушыларды қазіргі халықаралық талаптар деңгейінде күнделікті өмірде информатиканы (яғни компьютерлік білімін) еркін пайдалана алуға үйрету.